Арман Әшімов жекпе-жекте қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді

Бұрынғы M-1 чемпионы Киевте Mahatch FC турнирінде жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жекке алғаш рет қатысты. Қарсыласы бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Беляк болды.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Арман Әшімов бір соққымен қарсыласын нокаутқа жіберді.

Арман Әшімов ережесіз жекпе-жектегі кейінгі айқасын 3 қазанда Naiza Fighting Championship 34 турнирінде өткізіп, әзірбайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын.