Ақпарат бойынша, Қырғызстанның Шу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған жасырын орын анықталды. Олардың арасынан қазақстандық мемлекеттік нөмір табылды.
Жасырын қоймадан мынадай заттар табылған:
- атыс қаруы,бөлшектелген Макаров тапаншасы (ПМ),
- Калашников автоматының 5,45 және 7,62 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
- Макаров тапаншасының 9 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
- Қазақстанның мемлекеттік автокөлік нөмірі (KNB 13),
- қолдан жарылғыш құрылғы дайындауға арналған заттар мен аспаптар.
Алдын ала мәлімет бойынша, қару-жарақ пен оқ-дәрі қылмыс жасау үшін дайындалған. Қазір жасырын жерді кім ұйымдастырғаны анықталып жатыр.