Алматы әкімдігі Досаевқа қарсы митинг өткізуге рұқсат берді

Бұл туралы белсенді Марат Тұрымбетов Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Митинг 5 ақпанда сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділер Алматы әкімін халық таңдауы керек деп есептейді. Бұл жиынды өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді,- деді қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Белсенді Марат Тұрымбетов бұдан бір күн бұрын Алматы әкімдігі «Qantar 2022» аза тұту митингісін өткізуге рұқсат бермегенін де айтты.

Айта кетейік, олар митингіні 13 ақпанда өткізгісі келген.