Басты бетЖаңалықтарШымкентте баласын...

Шымкентте баласын сатқан көпбалалы ана сотталды

Ақпаратқа сәйкес, шамамен 89-90 жылы туған көпбалалы ана өзінің бір жарым жасар ұлын сатуды ұйғарған. Бұл туралы ол өзінің құрбыларына айтқан.

Баланы сату туралы ақпарат қалалық полиция қызметкерлеріне жеткен. Тәртіп сақшылары баласыз ерлі-зайыпты ретінде, сатушы әйелге хабарласқан. Әйел өз «өнімін» көрсету үшін сатып алушыларды үйге шақырған.

Айыпталушының өзі оларға кездесу ұйымдастырып, үйіне алып келді. Көпбалалы ана бір жарым миллион сұраған, ақырында 1 миллион ақшаға келіскен. Олар өзара саудаласып отырғанда полиция оған ақшасын берген. Анасы баланы берген бойда ұсталады. Полицейлер болған жайттың бәрін жасырын камераға түсіріп алған, — деді Шымкент қалалық ювеналды сотының төрағасы Дәурен Сайханов.

Әйел күйеуімен ажырасып кеткен және жалғыз өзі төрт баланы асырап отырған. Ол босанған кезде ұлын перзентханада қалдырғысы келген, бірақ оны перзентхана қызметкерлері баланы қалдырмауға көндірген. Бір жарым жылдан кейін әйел ақшаның жетіспеуіне байланысты кіші баласын сатуды ұйғарған.