Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысының жарлығымен қаңтар айында Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Бейбіт Өксікбайұлын білікті және тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде жақсы білесіздер. Конституциялық нормаларға сәйкес, жаңадан тағайындалған депутат палата отырысында ант беруі тиіс, — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Сенаттың бүгінгі жалпы отырысында Бейбіт Исабаев депутат ретінде ант берді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деді Бейбіт Исабаев.