Басты бетЖаңалықтарБейжің-2022: бүгін...

Бейжің-2022: бүгін қазақстандықтар олимпиада ойындарын бастайды

Олардың қатарында фристайлдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков бар.

Бейжің олимпиадасының 3 ақпан күнгі жарыс кестесі:
16:00. Могул. Әйелдер. 1-іріктеу: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Олеся Граур;
17:45. Могул. Ерлер. 1-іріктеу: Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков.
Аталған спорт түрінде 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.