Басты бетҚоғамАлматыда бизнесмендердің...

Алматыда бизнесмендердің шығынын өтеу ережесіне өзгеріс енгізіледі

Жаңа әкім кездесуде бизнесмендермен шығынды өтеуге жұмсалатын төлемдерді жеделдету мәселелерін талқылады.

Бұған дейін аймақтық комиссия шығынды өтеу бойынша механизмде кінәрат барын анықтап, өз тарапынан нақты ұсыныстар енгізген еді.

Әкімдіктің ұсыныстары 2022 жылғы 1 ақпанда Ұлттық экономика министрлігімен жедел түрде келісіліп, үкіметтік комиссия деңгейінде мақұлданды. Бүгін шығынды өтеу ережесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, — делінген хабарламада.

Зардап шеккен кәсіпкерлер коммуналдық шығындарды төлеуден 3 айға, ал қаладағы коммуналдық меншікті жалға алушылар – 6 айға жалға алу төлемінен босатылады.