2022 жылғы қаңтардың аяғында Қазақстанда сүйекті сиыр еті бөлшек саудада келісіне 2 236 теңге, қой еті 2 418 теңге жылқы еті 2 603 теңге қымбаттаған. Тауық етінің келісі — 1 075 теңге.
Өңірлер арасында жыл басында ет бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтанда едәуір жоғарылаған. Астанада сиыр етінің орташа бағасы — 2 506 теңге, қой еті — 2 987 теңге, жылқы еті — 3 015 теңге, ал тауық етінің келісі 1 208 теңгеге жетті. Алматыда сиыр еті орташа есеппен 2 325 теңгеден, қой еті 2 920 теңгеден, жылқы еті 2 939 теңгеден сатылып жатыр.
Былтыр ет пен құс етінің бағасы, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6% көтерілген. Ет бәрінен бұрын Маңғыстау облысында бірден 14% қымбаттаған.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда ет пен құс етінің бағасы 8 және 8,2% көтерілді, ал ең аз өсім Қызылорда облысында (5,4%) тіркелді.