Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр, — деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.