Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаппай...

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде темір таратқан алты адам ұсталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Олар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қарсы қылмыс құралы ретінде темір таратты, — деді әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев брифингте.

Оның айтуынша, қарақшыларды ұстау әрекеті 19 қаңтарда басталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүзеге асырылған.

Ол төтенше жағдай режимі алып тасталғаннан кейін, заң мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жүргізілген.

Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Ол 5 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында Nur Otan партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысты. Іс-шараны өткізу барысында 4 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Оның ішінде 300-ден аса қылмыс қоғамдық орында және 80-і көшеде болған, — деді Бағланбек Айтпаев.

Оның айтуынша, қылмыс Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында көп жасалған.

2 700-ден аса қылмыс ізін суытпай ашылды. Мысалы, 19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері бұрын сотталған екі азаматты тез арада ұстады. Олар түнде медициналық бетперде тағып Qazaq Oil ЖМҚС-на кіріп, жанармай құюшы мен кассирді пышақпен, балғамен қорқытып, 100 мың теңгеден аса ақша және ұялы телефон алып кеткен. 21 қаңтарда ШҚО Үржар ауданы Бақты ауылы маңында жеке кәсіпкерді өлтірген адам ұсталды, — деді Бағланбек Айтпаев.