Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалды

Ерболат Досаев. Фото: Mln.kz

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев қызметінен босатылды. Ол Алматы әкімі лауазымына 2019 жылы тағайындалған болатын.

Ерболат Досаев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы ұлттық банк төрағасы болған.

1993-1994 жж. – «Іскер» МАӨҚ менеджері, «Вега» ШК директорының орынбасары;

1994-1996 жж. – «Акцепт» Фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, директоры;

1996-1997 жж. – «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, «Тұран Әлем банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары;

1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы;

1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңесшісі;

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комисиясы мүшесі;

1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің басқарма мүшесі;

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі;

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;

2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы;

2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.

Exit mobile version