Құтқарушыларға әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі көппәтерлі үйге шақырту кеше сағат 17:36-да түскен.
Оқиға орына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен сыртқы есікті ашқан. Пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылы туған үш адамның өлі денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша олар улы газдан уланып қалған.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиға орнына 8 қызметкер мен 2 техника жіберілді, — дейді Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінен.