Басты бетЖаңалықтарСенат Елбасының...

Сенат Елбасының тағы бір өкілетін алып тастауды ұсынды

Соның аясында Елбасының қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылады. Сенат депутаттары бұрынғы президентпен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін де алып тастауды ұсынды.

Заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. «Тұңғыш президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталғалы отыр. Сондықтан да сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен Мәжіліске қайтарып отыр,- деді депутат Ләззат Сүлеймен Сенаттың жалпы отырысында.

Жоғарғы палата бұрын айтылған барлық өзгерісті мақұлдады. Соның ішінде Елбасының қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіретін тоқтату мәселесі де бар. Алайда тағы бір түзетуге байланысты заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды.

Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарайды. Ал қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президентке қол қоюға жіберіледі.