Қалыптасқан криминогендік жағдайды ескере отырып, кадрлық әлеуетті нығайту, қылмысқа қарсы күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен Президент әкімшілігінің келісімі бойынша министрдің бұрынғы орынбасары Арыстанғани Заппаров Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.
Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын дамытуға ерекше көңіл бөледі және ведомство алдына азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және полицияның халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуі бойынша нақты міндеттер қояды. Ержан Сәденов аумақтық полиция бөлімшелерінде мол тәжірибеге ие бола отырып, жаңа лауазымда осы міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін салады деп үміттенемін, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев өзінің жаңа орынбасарын жеке құрамға таныстыру кезінде.
Еске салайық, бүгін, 26 қаңтарда ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров қызметінен босатылды. Оның орнына Ержан Сәденов тағайындалды.