Нұр-Сұлтанның терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының өкілі қалада жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.
Қабылданған шешім бойынша 27 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қала аумағында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алынады. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшті, — делінген хабарламада.
Ведомство азаматтарға түсіністік пен жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдірді.
Еске салайық, 26 қаңтардан бастап Алматыда лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі алынатыны хабарланған еді.