Басты бетЖаңалықтарНұрділдә Ораз:...

Нұрділдә Ораз: ТЖ режимі аяқталғанымен кей өңірлерде блокпосттар алынбайды

Ішкі істер министрлігі құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жылдың 19 қаңтарынан бастап төтенше жаңдай режимінің күші жойылуына байланысты еліміздің барлық өңірлерінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бұл ретте жеке құрам ерекше режим жағдайында қоғамдық тәртіпті қадағалауын жаалғастырады. Жекелеген өңірлерде жедел жағдайларды ескере отырып, тыйым салынған заттарды тасымалдау тұрғысынан автокөлікті тексеру бойынша блок бекеттердің не болмаса шеп бекеттерінің жұмысы жалғастырылады», — деді Нұрділдә Ораз министрліктің ақпарат алаңында өткен брифингте.

Нұрділдә Ораз шерудің соңын тәртіпсіздікке ұластырғандарды ұстап, қару-жарақ жасырылуы ықтимал орындарды анықтау үшін иесіз үйлер мен саяжайлар, жалдамалы пәтерлер тексеріліп жатқанын ескертті.

Террактілерге қатысушылар мен қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша жалдамалы пәтерлер, иесіз үйлер, саяжай құрылыстары және өзге де обьектілер тексеріліп жатыр. Бейнебақылау камералары арқылы, сонымен қатар азаматтардан келіп түсетін материалдарды ескере отырып, бөтеннің мүлкін жоюға не бүлдіруге қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша іс-шарлар жүргізіліп жатыр, — деді министрліктің ресми өкілі.