Ел тұрғындарынан тіркелмеген 428 қару тәркіленді

Оның айтуынша, Қазақстанда 3 ай бойы жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 200 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді.

3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу анықталды. Айналымнан тіркелмеген 428 қару тәркіленді. Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 500 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 8 мыңнан астам ұсақ бұзақылықтың жолын кесті,- деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Сонымен бірге, отбасылық-тұрмыстық саладағы 11 мыңнан астам құқық бұзушылықтың және көші-қон заңнамасына қатысты 82 мыңнан астам заң бұзушылықтың алдын алды.