Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударған кәсіпкерлерге алғыс айтты

Мұның бюджет қоры емес, Қазақстан халқының қоры екенін тағы да қайталап айтамын. Сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократиялық рәсімдерсіз атқарылуға тиіс және батыл шешімдер қабылдануы керек. Көмек нақты, шұғыл және атаулы болуға тиіс. Ірі компаниялардың бәрі жыл сайын табыс салығының үкімет белгілеген бөлігін пайдалы әрі қайырымдылық істермен айналысатын қорға аударып тұрады. Бизнес-қоғамдастық бұл бастаманы шынайы түрде қолдайды және жобаларды жүзеге асыруда қорға көмектеседі деп үміттенемін, – деді президент.

15 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды.

Қор құрылтайшылары «Қазақстан халқына» қорының төрағасы қызметіне мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Болат Жәмішевті сайлады.