Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Төлеубек Аралбайдың дүниеден өтуіне байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлік шеберлігімен көрермендер көзайымына айналды. Ұстаз ретінде көптеген таланттардың жолын ашты. Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Төлеубек Аралбай бүгін, 20 қаңтарда 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды.