Алматыдағы даңғыл атауы біздің эфирден жаңылыс өткен: бұл — техникалық ақау. Қазір оның себебі анықталып жатыр. Өкінішке қарай, бұл — үздіксіз ақпараттық өндіріс кезінде болған жайт. Көше атауларын өзгерту біздің құзыретімізде жоқ. Енді бұған қалай жол берілгенін анықтап, қателіктен қорытынды шығарамыз, — деп жауап берді телеарнаның шеф редакторы Жасын Біркенов Baribar.kz тілшісіне.
«Хабар 24» телеарнасы 19 қаңтардағы эфирінде Алматыдағы арнайы операцияға байланысты бірнеше көше жабылғаны туралы хабар таратты. Телеарна Назарбаев даңғылының бұрынғы атауын, яғни Фурмановты айтты. Сонымен бірге орыс тіліндегі сюжетте де даңғылдың қазіргі атауы аталмаған.
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы — Алматыдағы басты даңғыл, қаланың орталығындағы маңызды магистральдың бірі. 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі атауы Фурманов болды.
2017 жылғы 30 қарашада Фурманов көшесі Қазақстанның бірінші президентінің құрметіне Назарбаев даңғылы болып өзгерді.
Еске салайық, 18 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін алғаш рет ел алдына шығып, үндеу жасады. Ол элита арасында жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ екенін айтты.
Сол күні Nur Otan партиясы төрағасының бірінші Бауыржан Байбек қазір бұрынғы президент туралы небір пікір айтушылар көбейді және Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау елдігімізге, азаматтығымызға сын деді.