Басты бет Жаңалықтар Германия салафиттердің ұйымына заңмен тыйым салды

Германия салафиттердің ұйымына заңмен тыйым салды

Германия үкіметі сейсенбі күні осы ел аумағында жұмыс жасап келген сәләфилік «Таза дін» ұйымына тыйым салып, топ мүшелерін жастарды радика­лизмге  ұрындырды деп айып­тады.

Берлинде сөз сөйлеген Гер­манияның ішкі істер министрі Томос де Мезиер осы елдегі «Таза дін» атты сәләфилік ұйымға тыйым салынғанын заңды түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл діни ұйым 140 жасты ради­кализмге ұрындырып, олардың Сирия мен Ираққа барып, экстремистермен бірге соғыс­уы­на себеп болған.

Тұрғындарға жүздеген мың Құран мен тәпсір көшірмелерін таратып үлгерген ұйым, Герма­нияның 10 федералдық айма­ғында заңсыз деп жарияланды. Рейтерстің хабарлауынша, Германияның барлау қызметі «Таза дін» ұйымының жетекшісі Ибраһим Әбу Нагиді Сауд Арабиясынан шыққан сәлә­физм­нің басты насихатшысы деп сипаттаған.

Томос де Мезиер аталмыш ұйымның қызметіне тыйым салынғанымен, басқа діни тұлғалардың Германияда заңды түрде Құран таратуына кедергі жасалмайтынын, діни наным-сенім бостандығының шектел­мейтінін ескертті.

Exit mobile version