Басты бетҚоғамПолицейлердің заңсыз...

Полицейлердің заңсыз әрекетін көргенде қайда шағымдануға болады?

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды мұқият тексеруді тапсырды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, оның ішінде ұялы телефондарды тексеруге қатысты ақпараттар жарияланып жатыр. ІІМ азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот органдарының санкциясынсыз тексеруге, сонымен бірге қарауға тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдейді.

Осыған байланысты ішкі істер министрі елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзге мәселелерімен қатар, қызметтер мен аумақтық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтауға, оларды негізсіз қылмыстық және әкімшілік қудалауға жол бермеу туралы нұсқау берді.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды, соның ішінде полиция бөлімдеріне жеткізілген және ұсталған адамдардың ұялы телефондарын негізсіз тексеруге байланысты фактілерді мұқият тексеру тапсырылды.

Ведомство полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің барлық фактісі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің тәулік бойы жұмыс істейтін 1402, 8 (7172) 71-41-09 сенім телефонына, министрдің блогы, «ашықтық алаңы» фронт-офистеріне хабарласуға болатынын ескертті.

Сонымен қатар төмендегі өзіндік қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуға болады:

  • Нұр-Сұлтан  – 8-702-127-98-18;
  • Алматы – 8-707-927-67-69;
  • Шымкент – 8 (7252) 21-43-23;
  • Ақмола облысы – 8 (7162) 25-03-60;
  • Алматы облысы – 8 (7282) 60-81-58;
  • Ақтөбе облысы – 8 (7132) 52-16-91;
  • Атырау облысы  – 8 (7122) 25-10-38;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8 (7232) 23-43-32;
  • Жамбыл облысы – 8 (7262) 45-43-39, 7-701-072-70-00;
  • Батыс Қазақстан облысы – 8 (7112) 98-45-68, 98-42-75, 98-40-44, 8-707-290-28-84;
  • Қарағанды облысы – 8 (7212) 42-93-39;
  • Қостанай облысы  – 8-707-715-44-24;
  • Қызылорда облысы – 8 (7242) 27-28-74, 8-747-182-51-43;
  • Маңғыстау облысы – 8 (7292) 47-52-69;
  • Павлодар облысы – 8 (7182) 32-28-22;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 8 (7152) 61-26-89, 8-700-161-26-89;
  • Түркістан облысы – 8-701-121-93-35;
  • Көліктегі полиция департаменті – 8 (7172) 94-23-20, 8-707-294-23-20.

Министрлік әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға толық жауап берілетініне уәде етті.