Бақытжан Сағынтаевтың отставкасын талап еткен белсенді ұсталды

Бұл жөнінде Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Дияр Жұмаділовті сенбі күні Бостандық аудандық полиция басқармасына әкеткен.

Бес метрлік баннерде «www.otinish.kz сайтындағы петицияға 20 мыңнан астам адам қол қойып үлгерді. Қала мен облыс әкімдерін халық сайлауға тиіс» деп орысша жазылған. (Уже 20К подписали петицию на www.otinish.kz. Мы за выборы акимов городов и областей народом).

Алматы тұрғыны ретінде Сағынтаев мырзаның әкім болғанына қарсымын, оны тиімді басқаратын жетекші деп есептемеймін. Болған оқиғадан кейін оның осындай жоғары қызметте отыруына моральдық құқығы жоқ. Қазір Алматы мен ізінше Қазақстанның барлық өңірінде әкімдерді мажоритарлық жүйе бойынша, яғни тізім емес, нақты кандидат бойынша сайлау әдісін енгізетін жақсы мүмкіндік туып тұр. Халық сайлаған әкім қала игілігіне жұмыс істейді» деген Дияр Жұмаділов. Оның сөзін Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі келтіреді.

Дияр Жұмаділов
Фото: «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі

Бұған дейін Алматы тұрғындары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкасын талап етіп, петицияға қол жинай бастаған еді. 15 қаңтар күнгі мәлімет бойынша оған 24,6 мыңнан астам адам қол қойған.

13 қаңтарда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кететіні туралы ақпаратты растамады.

Ол жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешіп жатыр, — деді баспасөз қызметіндегілер.

Кейін «Азаттық» радиосы Дияр Жұмаділовке 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (30 630 теңге) айыппұл салды. Бұл жөнінде белсендінің адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, сот онлайн өткен, бірақ оған өзін қатыстырмаған.

Мен жергілікті полиция жетекшісімен сөйлестім. Ол жақта сотқа қосуға уәде берген. Алайда сот бірден тараптарды тыңдауға кірісіп, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды, сонымен сот аяқталды, — деді адвокат.

Материал толықтырылды.

ДереккөзAzattyq.org