Басты бетҚоғамСенат депутаты...

Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеті тоқтады

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваның өкілеті тоқтатылды, — делінген Ақорданың сайтындағы президент жарлығында.

Сәуле Айтпаева 2017 жылғы шілдеде сенат депутаты болды. Оның алдында Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.