Бұрынғы энергетика министрі президенттің кеңесшісі болды

Мағзұм Мырзағалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.

Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін энергетика министрі болды. Ол бұл қызметті төрт ай атқарды.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап ведомствоны Болат Ақшолақов басқарады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз