Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болды

Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы президент жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Ол экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.

1999 жылы «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде мұнай-газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша білім алған. Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.

2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры болып қызмет етті.

2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін энергетика вице-министрі болды. 2019 жылдың маусымынан қазірге дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып қызмет етті.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Нұрлан Ноғаев энергетика министрі лауазымынан босатылды. Ол Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыcы жарияланды

Алматы аумақтық сайлау комиссиясы Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды.

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 миллиард теңге.

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутаттарды сайлау аяқталды.

Ақтөбенің бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыдан 360 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтар сағат 00:38-де Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді

Әйнел Әмірхан: Әйел құқығын қорғауды жиі айтатын ерлер де оларды қолдауға дайын емес

Қазақстан әйелдері елдің саяси өміріне неге ерлермен теңдей араласа алмай келеді? Ал үй тірлігі тек әйелдің міндеті ме? Журналист-фрилансер Әйнел Әмірхан "Тасадағы әйелдер" дейтін жобасында сарапшылармен осы сұрақтардың жауабын іздейді.