Қазақстанға шетелден келгеннің бәрінде ПТР сараптамасы болуға тиіс

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантин шектеулерін қатаңдату туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда:

  • «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен караокеге кіруге рұқсат беру туралы норманы ұзарту;
  • 13 қаңтардан бастап «омикрон» штамын ескере отырып, СПА-ға, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат беру;
  • 15 қаңтардан бастап вакцинациялану мәртебесіне қарамастан, шетелден келгендердің барлығында теріс ПТР-тестінің міндетті түрде болуы;

«Қызыл» аймаққа кірген Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте және Атырау облысында шектеу шараларын күшейту ұсынылды. Атап айтқанда:

  • 30 адамның қатысуымен «Ашық» нысандарында өткізілетін еске алу шараларын қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • Ойын-сауық, мәдени ұйымдардың қызметіне, діни шараларды және әртүрлі конференция мен семинарды өткізуге тыйым салу;
  • Қоғамдық тамақтану орындарындағы бір үстелдегі адамдар санын 4 адамға дейін азайту;
  • Оқушылардың онлайн нысанындағы оқулары 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін, орта және жоғары оқу орындарының барлық курстағы студенттері үшін 2022 жылдың 6 ақпанына дейін;
  • Білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің жұмысын онлайн-форматқа көшіру;
  • Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70%-і қашықтықтан жұмыс істеуге көшуге тиіс;
  • Әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі үшін қоғамдық көлік санын көбейту.

Кеңес соңында вице-премьер әкімдіктерге азаматтарды вакцинациялау және қайта вакцинациялау қарқынын күшейтуді, үкімет қабылдаған шаралардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Ол эпидемиология ахуалы күрделеніп жатқанын айтты. Кейінгі тәулікте 4 мыңнан астам адамда коронавирус анықталды. Қазірдің өзінде 4 аймақ «қызыл» аймаққа енді.