Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда, — деді Жанна Ермекова.
Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен мәжіліс отырысына қатыспаған.
Еске салайық, кеше, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың видеобайланыс арқылы мәжіліс отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды.
Президент сонымен бірге саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.
Ал кешке үкіметтің жаңа құрамын бекітті.