Ол — тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, президенттің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс, нақты жоспары бар. Әлихан Асқанұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға көшті.
Еске салайық, 5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министрдің міндетін атқару уақытша Әлихан Смайыловқа жүктелді.