Біз өз тарапымыздан цифрландыруға байланысты көптеген адам қолма қол ақшасыз қалғанын түсініп отырмыз. Ұлттық банкпен, банктермен және ұйымдармен бірге кейбір ресурстарға интернетке тәулік бойы тәуелсіз болатын механизм ойластырдық, — деді министр.
Мусин бүгінде қазақстандықтарда:
- Halyk, Homebank және Kaspi қосымшаларында төлем сервистері қолжетімді екенін, басқа да банктерді қосу жұмыстары жүріп жатқанын;
- Tengrinews.kz, Inform.kz, Baq.kz, 24.kz, Stopfake.kz, Qazaqstan.kz жаңалықтар ресурстары қолжетімді екенін;
- Akorda.kz сайты оффлайн жұмыс істейтінін айтты.

