Бұл туралы президент жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.
Сонымен бірге президент Ерлан Қаринді мемлекеттік хатшы етіп тағайындады.