Басты бетҚоғам"Отбасы банк"...

«Отбасы банк» басшысы 2021 жылы қанша азамат баспаналы болғанын айтты

Бұл туралы «Отбасы банк» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова «Атамекен бизнес» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сұранысты 2021 жылдың басында байқадық, ол зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты болды. Сонымен бірге «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында кезекте тұрғандар тарапынан сұраныс болды. Биыл «Бақытты отбасы» бойынша бюджеттен 70 миллиард теңге алдық және 7 мыңға жуық отбасыны пәтерге орналастыруды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл банк кірісін арттырды. Бұл жылды шамамен 60 миллиард теңге таза пайдамен аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Ләззат Ибрагимова.

Сонымен бірге «Отбасы банктің» басқарма төрағасы биыл түсім бойынша рекордтық жыл болғанын айтты.

Қазірге дейін депозиттерге 815 миллиард теңге құйылды. Бұл – үлкен сома. Бұл қазақстандық отбасылардың сенімін көрсетеді. Біз жақында статистка жүргізіп, ең танымал өнім – отбасы депозиті екенін көрдік. Бұл адам өз атына, балаларының атына депозит ашып, соңында біріктіру мүмкіндігі. Орташа коэффициент – 4, яғни бір несие алу үшін төрт депозит біріктіріледі. Егер біз 78 мың несие берсек, онда 300 мыңға жуық депозит несиеге айналды, – деп толықтырды Ләззат Ибрагимова.

«Отбасы банк» басшысы 78 мың өтінімнің тек 21 мыңы ғана бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты болғанын айтты. БЖЗҚ сомасы бойынша 114 миллиард теңге пайдаланылды.

Айта кетейік, «Отбасы банк» (бұрын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі») – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк.