Imanbek Ресейде жылдың үздік музыканты атанды

«MTV Россия» телеарнасы жылды қорытындылап, үздік музыканттардың тізімін жасақтады.

Оның ішінде қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) те бар. MTV Россия таңдауына сай 2021 жылдың басты музыканттары: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

Айта кетейік, теміржолда жұмыс істеген Иманбек Зейкеновтің танымалдығы 2019 жылы басталды. Ол Roses әніне (SAINt JHN) әніне ремикс жазып, көпшіліктің көңілінен шықты. Сол шығармамен қазақстандықтардың арасында алғашқы болып Grammy сыйлығын ұтып алды.

Бүгінде Imanbek әлемдік деңдейдегі танымал музыканттар Rita Ora, David Guetta, 50 Cent, LP, Cher Lloyd, Alan Walker, Dua Lipа және басқа жұлдыздармен ән жазып үлгерді.