Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, мемлекет басшысы 2021 жылы 6 сәуірде Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салғызды.