Басты бетҚоғамЕрлан Бекмұрзаев...

Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болды

Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімнің бұрынғы орынбасары Малика Бектұрова басқа қызметке ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Президент әкімшілігімен келісе отырып, 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев әкімнің орынбасары болды, — делінген хабарламада.

Ерлан Бекмұрзаев еңбек жолын 2007 жылы Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы қызметін, 2017-2021 жылдар аралығында астананың инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болды.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жыл.