COVID-19: Елімізде тағы екі өңір «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

Бүгінде елімізде коронавирустың таралуы жоғары «қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ!

Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта орналасқан.

Ал «жасыл» аймақта Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент тұр.

Матрица

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 488 дерегі тіркелді.