Бұл туралы «Отбасы банктің» Instagram-парақшасында хабарланды.
Біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскеннен кейін ол қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсатқа сай пайдалану мүмкіндігі болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтініш жіберген сәттен емес, біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскен сәттен бастап есептеледі, — деп жазылған хабарламада.
Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ екені де айтылған. Ол үшін мобайл қолданбаны пайдалануға немесе www.otbasybank.kz сайтындағы видеоқоңырау арқылы шот ашуға да болады.
Сонымен бірге біржолғы зейнетақы төлемінің статусын чат-бот арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
Enpf-obasybank.kz зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану платформасында жолдаған өтініштің орындалу деңгейін тексеру үшін +7 705 925 13 01 WhatsАpp нөміріне немесе Telegram-дағы Quanysh_bot ботына жазу қажет, — деп түсіндірді «Отбасы банкте».
Айта кетейік, Қазақстандықтар зейнетақы жинағын 16 желтоқсаннан бастап «Отбасы банкіндегі» депозитке аудара алады.