12 желтоқсандағы жағдай бойынша, 182 679 адам коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының I-ші дозасын салдырған.
Оның ішінде 145 975-і жасөспірімдер.
Жүкті әйелдер – 10 716, бала емізетін әйелдер – 25 988, — делінген ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.
Елімізде жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер ерікті түрде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын тегін салдыра алады.
Айта кетейік, 12 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін жалпы 8 856 816 адам, 2 — ші компонентін 8 290 398 адам салдырды.