Қазақстандағы тұңғыш онлайн фуд-фестивалінде қаланың Burger King, Wendy’s, Lanzhou, Бродвей Бургер, Black Star Burger, RUMI, Тюбетейка секілді көптеген мейрамханасынан 30% жеңілдікпен комбо-мәзірге тапсырыс беруге, сонымен қатар Apple маркасының ең танымал бес гаджетінің бірін ұтып алуға болады.

Coca-Cola компаниясы мен Wolt тамақ жеткізу сервисі ұйымдастырып отырған Жаңа жыл алдындағы бұл онлайн-акцияға қатысу оп-оңай:

  1. Wolt платформасына немесе Digitalfoodfest.kz сайтына кіру;
  2. Coca-Cola сусындарының бірімен комбо-мәзір сатып алу немесе сусынды кез келген таңдап алынған мәзірге қосу;
  3. Digitalfoodfest.kz сайтындағы «Coca-Cola үйшігіне» кіру;
  4. Сантаның жанында жатқан сыйлықтар қабына басу;
  5. Ашылған формаға кері байланыс үшін байланыс мәліметтерін енгізу және бес сыйлықтың қайсысын алғыңыз келетіні, не себепті оны таңдағаныңыз туралы Аяз Атаға «хат» жазу керек.
Акцияда 5 сыйлық ойнатылады:
    • iPhone 13 pro 128 ГБ;
    • MacBook Air 13″ Apple M1 (8C CPU/7C GPU), 8 ГБ, 256 ГБ;
    • Apple AirPods Pro (MWP22) сымсыз құлаққаптары;
    • Apple Watch 6 44mm;
    • iPad pro 11 256 ГБ;

Акцияның әр қатысушысы тәулігіне тек бір хат жібере алады. Хат неғұрлым көп болса, ұтысқа ие болу ықтималдығы соғұрлым жоғары. Акция басталып кетті және 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.

Digitalfoodfest.kz сайтының көрінісі.

Жаңа жыл кезінде тіпті ересектер де өзін бір сәт бала сезінгісі келеді. Сүйікті мейрам алдында біз әр адамға аздап сиқырлы сәт сыйлайық деп шештік. Жақында Coca-Cola «Нағыз ғажайып» атты жаңа жарнама кампаниясын бастады. Біз адамдар өзі үшін тек өзіне тән қайталанбас нағыз ғажайыпты, сиқырды тудырса деп қалаймыз. Ал дәмді тағам, тағатсыздана сыйлық күту және әлдебір ғажаптың болатынына сену – Жаңа жылдың белгілері. Coca-Cola мен Wolt ұсынатын жаңажылдық фуд-фестивальге бүкіл отбасы болып қатысып, Аяз Атаға хат жазуға болады, бұл әркімге мерекелік көңіл-күй сыйлайды! — деді Coca-Cola Кавказ және Орталық Азия фронтлайн портфолио менеджері Азура Камил акцияның басталуы туралы.

Мейрамханалар мен Coca-Cola ұсынысынан бөлек фестиваль қатысушылары тапсырыс ақысын Visa ALL IN картасымен төлеген жағдайда «Сбер» банкінен 13% кэшбэк те алады.

Қаңтар айында виртуал Санта кездейсоқ сандар генераторының көмегімен акция шарттарының бәрін дұрыс орындаған барлық қатысушының арасында сыйлық ұтып алған жеңімпаздарды анықтайды.

Ойнатылымға қатысу үшін Wolt платформасында келесі сусындардың бірімен тамаққа тапсырыс беру қажет:
  • 0,5 литр көлемдегі пластика бөтелкедегі Coca-Cola Classic, Қантсыз Coca-Cola, Coca-Cola Лимон-Лайм, Fanta Orange, Sprite;
  • 0,33 литр көлемдегі алюминий бөтелкедегі Coca-Cola Classic, Қантсыз Coca-Cola, Fanta Orange, Sprite;
  • 0,25 литр көлемдегі шыны бөтелкедегі Coca-Cola Classic, Қантсыз Coca-Cola, Fanta Orange, Sprite.
Сыйлықты алу үшін жеңіске жеткен қатысушы:
  • тапсырыс скриншотын, сонымен қатар өнімді сатып алу фактін растайтын тапсырыстың  ID-ін беруі керек;
  • чекте көрсетілген күн анкета толтырылған және Аяз Атаға хат жазылған күнге сәйкес болуға тиіс;
  • Wolt-тағы тапсырыстың скриншотын детальді ақпаратымен және тапсырыс ID-мен бірге міндетті түрде сақтап алу қажет.

Фестиваль Wolt қосымшасында, сонымен қатар Digitalfoodfest.kz сайтында жүріп жатыр.