Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 11 айдың қорытындысы бойынша республикада 1 576 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Ең көбі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте, сонымен бірге Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жасалған.
Ал жемқорлық жиі тіркелген салалар: ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау.
Жалпы 1280 адам әшкереленді, оның 159-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Атап айтқанда, 1 вице-министр, 13 әкім және оның орынбасарлары, 4 сот және 28 облыстық басқарма басшылары, — деді Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Мемлекет қазынасына 20 миллиард теңгеден астам залал қайтарылған.

