Брифингі кезінде журналистер Марат Ахметжановтан құпия болмаса жалақысы туралы айтуды сұрады.
Менің жасыратын ештеңем жоқ, әрқашан да айтып отырамын. Осы қызметке келгенде де айттым. Бүгінде менің айлығым 1 миллион 200 мың теңге, — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
Еске салайық Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне биылғы 16 сәуірде тағайындалған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ай сайын 1,8 миллион теңге жалақы алып жатқанын айтты. 7 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысының сомасын айтудан бас тартты. Ал кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ай сайынғы жалақысы мен азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтқан еді.