Басты бетМедицинаҚазақстан бірнеше...

Қазақстан бірнеше мемлекеттің вакцинация паспортын мойындады

Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізіледі.

Қаулыға сәйкес елімізде бірнеше мемлекеттің вакцинация паспорты мойындалады.

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында,  Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын, — делінген қаулыда.

Айта кетейік, мұның алдында Индонезия Қазақстанның COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинация паспортын мойындағанын хабарлаған едік.