Қазақстанның вакцинация паспортын тағы бір ел мойындады

Онлайн режимде өткен Health Business Gathering форум барысында денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов пен Индонезия Республикасының денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин COVID-19 вакцинациясы туралы сертификаттарды өзара тану туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Қазақстан Үкіметі Egov mobile мобайл қолданбасын пайдалана отырып берген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация сертификаттарын және PeduliLindungi платформасын пайдалана отырып берілген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация сертификаттарын тануды көздейді, — делінген хабарламада.

Іс-шара барысында вице-министр COVID-19 таралуына жол бермеу бөлігінде Қазақстан қабылдап жатқан шаралар мен құралдар туралы баяндады.

Матрицаның негізінде елдің нақты өңірлерінде шектеу шараларын күшейту немесе әлсірету туралы шешім қабылданады. Басқа елдермен вакцинация паспорттарын өзара тану жұмыстары жалғасып жатыр.

Біз осы вакцинаны шығаратын зауыт құрылысының екінші кезеңін аяқтап, 2022 жылы жылына 60 миллион дозадан қуат аламыз деп үміттенеміз. QazVac вакцинасының экспортын ұйымдастыруға дайынбыз, — деп түйіндеді вице-министр.

Индонезияның денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күрестегі күш-жігерін жоғары бағалады және ДСМ өкілдеріне Индонезия өз тарихында алғаш рет жиырма (G20) тобында ресми түрде төрағалық еткенін, пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру, энергетикалық көшу және цифрлық трансформация мәселелеріне назар аударуға уәде берді.

Қазіргі күні Қазақстанның вакцинация паспортын дүниежүзінің 20 елі мойындаған. Олар: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Сербия Республикасы, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы.