ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Жүрсін Ерманды 70 жас мерейтойымен құттықтады

Тедрос Гебрейесус Instagram-парақшасында қазақ тілінде Жүрсін Ерманға құттықтау тілегін айтты. Ол видеода қазақтың ұлттық шапанын киіп алған.

Құрметті Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өмір ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!, — деді Тедрос Гебрейесус.

Ztb.kz сайтының хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесустың ұлы Жүрсін Ерманның немересіне (қызының қызына) үйленген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tedros Adhanom Ghebreyesus (@drtedros)

Айта кетейік, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 2 желтоқсан күні 70 жасқа толды.

Еске салайық, бір апта бұрын, 29 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесуден басталған еді. Одан бір күннен кейін, 30 қарашада Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесті. Ал