«Омикрон» штамы: Қазақстан мен Египет арасында әуе рейсі тоқтады

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Египетке жолдама сатып алған қазақстандықтарға не істеу керегін айтты. 

Қазірдің өзінде бірнеше елде Египеттен келген азаматтардан «омикрон» штамы анықталған. Осыған байланысты әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Барлық шектеу шарасы 3 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі әріптестерімізбен туристерді басқа бағыттарда ұлғайту мақсатын пысықтаймыз, — деді Марат Шоранов.

Вице-министр Қазақстанның міндеті коронавирустың жаңа толқынын болдырмау және вирустың таралуына жол бермеу екенін айтты.

Біріншіден, халық коронавирусқа байланысты сын-қатер әлі аяқталмағанын түсінуі керек. Біздің міндетіміз – елімізге жаңа штамның әкелінуіне мүмкіндігінше жол бермеу. Оған қоса, штамдарды жүйелеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде мұндай шараларды, көп ел қабылдағанын білесіздер, кейбір Еуропа елдері, Израиль, Сингапур. Бұл дұрыс шара деп ойлаймын, — деді Марат Шоранов.

Вице-министрдің айтуынша, Египеттен келген қазақстандықтар 7 күндік карантинде болады немесе тұрғылықты жері бойынша емханаларда бақылауға алынады.

Сондықтан теңгерімді көзқарас қажет болады. Осы бағытты қарастыру керек. Бұл ең қарқынды бағыт екенін түсінеміз, қарашада шамамен 13 мың жолаушы тіркелді. Әрине, біздің азаматтардың Египеттен келуі, жеті күндік карантинге жатқызылуы, ПТР тестілеуі, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша емханаларда бақылауға алынуы үшін тиісті шаралар қарастырылған, — деді ол.

Марат Шоранов Египетке алынған билеттер қаражаттын қайтару туралы мәселе Денсаулық сақтау министрлігі құзыретіне жатпайтынын айтты.

Біз мұны ескереміз. Барлығына қосымша балама туристік бағыт ұсынылады. Таиланд, Оңтүстік-Шығыс Азия, БАӘ бағыттары бар. Нұсқалар бар, — деді вице-министр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз