Нұр-Сұлтанда 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқиды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтанның білім басқармасы хабарлайды: 25.11.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымының 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін астанада түнімен қар жауып, әуежай уақытша жабылғаны хабарланған болатын.