Бұл туралы оның қарындасы Рәзия Нұтышева айтты.
Оның айтуынша, өлім себебі сараптамадан кейін ғана белгілі болады.
Еске салайық, 1 қазанда Павлодар қаласы №2 сотында Арон Атабекке қатысты науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралып, ол бостандыққа шыққан болатын. Бірақ, үйіне шыққаннан кейін оның денсаулығы нашарлап кеткен.
2007 жылы Арон Атабек Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданындағы оқиғадан кейін 18 жылға сотталған болатын. 14 жыл бұрын болған оқиға кезінде жергілікті тұрғындар мен полицейлер қақтығысып, салдарынан 28 полицей зардап шегіп, біреуі қайтыс болған еді.