Қазақстанда солтүстік-батыс циклоны мен оның фронталды бөлімдерінің әсері сақталады. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қар жаууы мүмкін.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы төмендеп, түнде 2-10 градустан 18-23 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градус аяздан — 5 градусқа дейін жылы, сондай-ақ, 5-15 градусқа дейін аяз, орталықта және шығыста түнде 0-8 градус аяз, күндіз 3 градус аяз — 3 градус жылы, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 градус аяз — 3 градус жылы, күндіз 9-17 градус жылы болады, — делінген хабарламада.