Ғалымдардың зерттеуі бойынша, E171 (диоксид титан) бояуының денсаулыққа зияны көп. Ол қатерлі ісік ауруын туындататын канцереген болуы мүмкін. Бұл тұжырымға ғалымдар көртышқандарға жасаған зерттеуінен кейін келіп отыр. 100 күн бойы қатарынан E171 қоспасы берілгеннен кеін, көртышқандардың 40%-да қатерлі ісік ауруларының алғышарттары қалыптасқан.
Айта кетейік, E171 қоспасы титан өнеркәсібінің басты өнімі саналады. Тағам өнеркәсібінде ол негізінен ақ түс беру үшін пайдаланылады. Әсіресе, тәттілер мен сағыздарға, тіс пастасы мен күн сәулесінен қорғайтын кремдерге көп қосылады екен.
Бұған дейін АҚШ ғалымдары балмұздақтың да денсаулыққа зиян екендігін анықтаған еді.