Басты бетҚоғамЖауын-шашын, көктайғақ,...

Жауын-шашын, көктайғақ, екпінді жел: демалыс күндердегі ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 20 және 21 қарашада солтүстік-батыс суық антициклоны республиканың шығыс жартысында өзгеріссіз қалады, жауын-шашын болмайды. Сонымен бірге елдің батыс жартысында Атлант циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

22 қарашада батыстан шығысқа қарай Атлант циклоны елдің көп бөлігін қамтиды, соған орай қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанып отыр, — делінген хабарламада.

  • Батыста ауа температурасы түнде 2 градус аяз, 5 градус жылы, күндіз 0-10 градус жылы.
  • Елдің солтүстік-батысында аяз төмендеуі, ауа температурасының көтерілуі байқалса, солтүстігінде түнде 6-16 градустан 0-9 градусқа дейін, күндіз 0-9 градусқа дейін аяз болады.
  • Республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-28 градустан 0-10 градусқа дейін аяз, күндіз аяз 5-15 градустан 5 градусқа дейін, сондай-ақ, 3 градусқа дейін жылы болады.
  • Оңтүстік өңірлерде түнде аяз 5-15 градустан 5 градусқа және 3 градус жылы ауа температурасына дейін, күндіз 0-10 градустан 5-15 градусқа дейін жылы болады.